🔸 Алла Та’ала айтады: «Ей адам баласы, маған құлшылық ету үшін уақытты бөл, көкірегінді байлықпен толтырамын және кедейшіліктен, пақырлықтан сені қорғаймын».
🔸 Пайғамбарымыз (салАллаһу алейһи уассалам) айтқан екен : «Кімде-кім дүние тіршілігін мақсат етсе, Алла Та’ала оның ісін шашып тастап, екі көзінің арасында кедейшілік жазады. Және оған мақсат еткен дүниеден, қанша тырысса да жазылғаны ғана келеді. Ал кімде-кімнің мақсаты ақырет болса, Алла Та’ала ондай адамның ісін бір етеді, шашпайды және жүрегіне байлық салады. Дүние оған өзі келеді, өйткені дүние Алланың қолында».
🔸 Адам баласына әрбір нәрседе қызығушылық бар, кімде-кім барлық нәрсеге қызығып, жүрегіммен соған берілсе, Алла Та’алаға бәрібір ол адам қай жерде өзін бірденеге ұрынып құртатыны. Ал кімде-кім тәуекел етсе, Алла ол пендесін сол дүние зейнеттерінен қорғайды.
Ол дүниенің зейнеті бітпейді, сондықтан, адам дүниені мақсат қылса, соны өмір бойы қуады, сонында шайтан жолында қайтыс болады. Бір дүние зейнетті мақсат қылады, жетеді, басқасы пайда болады. Өмір бойы жаңа зейнетке жетем деп, өмірі бітеді.
🔸 Тәуекел еткенде, себеп қолдану керек. Алла Та’ала себепті жаратқан, соны қолданып, Алла Та’алаға тапсырады, үміт етеді. Себеп деген, емделу сияқты, емделу себеп болса, шипа Алладан болады. Сол себепке сеніп қалмайық.