*****Шымкент*****
Елге жақпас қазақтың бір мекені
Шымкент жайлы өсектері өзекті
Тыңда онда білгің келсе Шымкентті
Саған дұрыс бағытты көрсетеді
Жігіттері күш-жігерлі, қайратты
Еңбек етіп, ұлт азығын оятты
"Шешеңді" деп боқтасада бауырым
Ең бірінші орынға Шешелерін қояды
Қыздары бар, өз қылығын құрық етер
Жамандайсың, өсектейсің-құр бекер
Келін болса ата-енесін ренжітпей,
Жарға адал, ұрпаққа тәлім үйретер
Қазақ қызы-етектерін түрмеген
Ондайлардан әдетте мен жиренем
Пәктік-деген ұғымы бар халықтың
Өзгелерге Шымкент жайлы үлгі етем
Ал бауырым жамандайсың неңменен
Өзбек дерсің, бәлкім бір рет көргеннен
Өзбектерің-апа деген әпшесін
"Апа"-деген Батыстықты көп көрем
Болжам келді, қуантатын халықты
Шымкент елдің-тең жартысын құрапты
Солтүстікке жіберуде жастарды
Дәстүріне үйретсін деп ұрпақты
Шымкент дейсің-Южан дейсің байқаймын
Сабырменен жеңіп келет талайын
Қарсы болсаң шығарып көр Шымкентті
Қолдан келсе тырыс қане ағайын
Шымкент еді сәнін берер ордаңның
Өзбек деп сен бекерге қорладың
Эй бауырым, өкінесің әлі де
Болашақта Шымкент болад(ы) арманың!
Автор: Әбілтай Жиенхожаев.